Алматыда бір жұмысшы краннан құлаған жүкке жаншылып мерт болды
Алматыда "Ақжол" ЖШС-нің құрылыс алаңында бір жұмысшы мерт болды. KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қайғылы оқиға 9-қазан күні таңертең болған. 20 жастағы құрылысшы краннан құлаған 5 тонна жүктің астында қалды. |
Тағы бір қайғылы оқиға Алматы іргесіндегі Шымбұлақ туристік базасында болды. Аспалы канатты жол бойындағы қозғалыс барысында қауіпсіздік ережесін бұзу салдарынан 53 жастағы ер адам орындықтан құлап қалған. Оқыс оқиға салдарынан әлгі еркек тіл тартпай кетті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін