Алматыда біртұтас транспорттық логистика кластері құрылады - Есімов - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда біртұтас транспорттық логистика кластері құрылады - Есімов

Алматыда біртұтас транспорттық логистика кластері құрылады - Есімов

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда біртұтас транспорттық логистика кластері құрылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 1242
Фото - Caravan.kz

«Транспорттық жүйені дамыту жөніндегі ірі жобалар жүзеге асырылатынын ескергенде біздің аймақтың дамуында транспорттық логистикалық орталықтарды дамытуға айрықша маңыз берілуде», — деді әкім.

Ол осындай бір орталықтың биыл жұмыс істей бастағаныен еске салды. Қазір «Гега» атты азық-түліктік логистикалық орталығы салынып жатыр, оның қызметі тікелей жеткізілімдер, сақтау мен өңдеуге негізделіп құрылады.

«Бұл орталықта 600 мың тонна өнім өңделеді және ол еліміздегі осындай ең ірі орталық болмақ, алдағы уақытта осы тектес орталықтарды қаланың барлық ауданында, бірінші кезекте жаңа Алатау ауданында дамытуды көздеп отырмыз, онда оған қажетті жағдайлардың бәрі бар», — деді Ахметжан Есімов.

Нәтижесінде Алматыда «біртұтас транспорттық логистикалық кластер құрылып, ол тек өңірдің ғана емес, жалпы елдің мүддесіне қызмет ететін болады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті