Алматыда биыл медицина саласы қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда биыл медицина саласы қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылады

Алматыда биыл медицина саласы қызметкерлеріне арналған жатақхана ашылады

Биыл Алматыда медицина саласының қызметкерлеріне арналған 200 орындық жатақхананың құрылысы аяқталады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов қалалық Денсаулық сақтау басқармасының қорытынды отырысында мәлім етті.

  • 28 Ақпан 2014
  • 449
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, әкім биыл сала қызметкерлерінің еңбекақысына үстеме қосылатынын айтып өтті.

«Елбасының тапсырмасы бойынша 1 сәуірден бастап денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысына 10 пайыз үстеме қосылады. 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап олардың еңбекақысы тағы да 28 пайызға көбейіп, әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі қайта қарастырылады», — деді қала әкімі.

Өткен жылы денсаулық сақтау саласында қалалық бюджеттен 40 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға бірқатар медициналық мекемелер, атап айтқанда, 14 нысан күрделі жөндеуден өткізілді. №5 және №15 перзентханаларда сейсмокүшейту шаралары жүргізілді. Сондай-ақ, былтыр қала тұрғындарының игілігіне Алатау, Түрксіб аудандарында бірнеше емхана берілді.