Жарияланды: 520

Алматыда "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - 2008" тақырыбында форум өтуде

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - 2008" тақырыбында форум өтуде. Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев, ҚР Индустрия жән сауда министрі В. Школьник , Алматы қаласының әкімі А.Есімов қатысуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған Форумда "Ұлттық еңбек пен халықаралық норма аясында әлеуметтік және еңбек қатынастарында жұмыс берушілердің ролі", "Бизнестің тұрақты дамуы: нақтылы істер мен перспективалар", "Алматы қаласының бизнес құрылымдары жүзеге асыратын әлеуметтік жобалар" деген тақырыптарда министрлер Б.Сапарбаев, В. Школьник және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Сманқұлов баяндама жасайды Сонымен қатар, ҚР-ы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі арасында бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі аясында әдеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть