Алматыда болған төбелес пен атыста 3 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда болған төбелес пен атыста 3 адам зардап шекті

Алматыда болған төбелес пен атыста 3 адам зардап шекті

Алматыда Малая станица ауданында қаруланған отыз шақты адам сегіз тұрғын үйге оқ жаудырды, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне жергілікті тұрғындар мәлімдеді.
           «Оқиға жексенбіге қараған түні болды. Біздің кварталға қауланған 20-30 ер адам келіп оқ жаудыра бастады. Соның салдарынан үш адам зардап шекті. Менің отыз жастағы бауырымның басына оқ тиді, 32 жастағы көршімнің қолына оқ тиді, ал он алты жастағы жеткіншек қатты соққыға жығылды», - деп «Инерфакс-Қазақстан» агенттігіне зардап шеккендердің бірінің әпкесі Наталья Салмова мәлімдеді.
           Оның айтуынша, төбелестің басталуына үш мас адамның біздің көшенің үш жеткіншегін соққыға жығуынан басталған.
           «Жеткіншектердің бірін олар қатты ұрып тастаған, алайда ол үйіне жетіп ата-анасын көмекке шақырған. Ата-анасы мен көршілер көшеге шығып мастарды сабасына шақыруға тырысқан. Ешқандай төбелес болмады, оларды ол жақтан қуып жібердік. Полицияға хабарладық. Бірнеше сағаттан кейін түнгі бірлер шамасында көшеге шамамен отыз шақты ер адам қару алып бірнеше көлікпен келді де үйімізге оқ жаудырды», - дейді Н.Салмова.
           Оның айтуынша, шабуыл жасағандар жоқ дегенде екі тапаншадан атқан, оның бірі травматикалық.
           Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, төбелес шығарғандардың бірі ұсталды.
           «Полиция еш әрекет етпеді, біз көршілерімізбен өзіміз барып полицияға куәгерлерді алып бардық. Полицияларға жалынып жатып келіп үй қабырғаларындағы оқ іздерін суретке түсіріп, гильзаларды жинауға көндірдік. Шабуыл жасағандардың көбісін білеміз, олар көрші көшелерде тұрады. Біздің арызымыз бойынша оқ атқандардың бірі ұсталды», дейді Н.Салмова.
           Бұл материал жарық көрерде «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Алматы ішкі істер департаментінен осыған қатысты мәлімет түспеді.

  • 12 Тамыз 2013
  • 526
Фото - Caravan.kz


В Алматы в районе Малой станицы порядка 20-30 вооруженных огнестрельным оружием людей обстреляли 8 частных жилых домов, сообщили агентству "Интерфакс-Казахстан" местные жители.
"Инцидент произошел в ночь на минувшее воскресенье, когда к нам в квартал приехали порядка 20–30 вооруженных мужчин, и начали стрелять из огнестрельного оружия. В итоге у нас трое пострадавших. Мой 30-летний брат получил огнестрельное ранение в голову, 32-летний сосед огнестрельное ранение на вылет в руку и еще очень серьезно был избит 16-летний подросток", — рассказала агентству "Интерфакс-Казахстан" сестра одного из пострадавших Наталья Салмова.
По ее словам, все началось с потасовки, когда "трое подвыпивших мужчин избили подростков с нашей улицы".
"Одного из подростков они очень серьезно избили, однако ему удалось добраться до дома и позвать на помощь родителей. Когда родители и соседи вышли, они попытались угомонить пьяных мужчин. Драки, ничего такого не было, просто выпроводили и все. Обратились в полицию. Через несколько часов, где-то ближе к часу ночи, на нашу улицу на нескольких автомашинах приехало порядка 20–30 вооруженных мужчин и начали просто стрельбу по нашим домам", — рассказала Н.Салмова.
По ее словам, стреляли нападавшие "как минимум из двух пистолетов, один из которых был травматический".
Она добавила, что в настоящее время по данному факту "возбуждено уголовное дело и задержан один подозреваемый — зачинщик драки".
"Полиция бездействовала, мне и соседям приходилось самим ездить и привозить в полицию свидетелей. Чуть ли не уговаривать полицейских приехать и отснять следы и дырки от пуль на стенах домов, собрать гильзы. Пострадало 8 домов. Мы многих из нападавших знаем, они живут на соседних улицах. По нашим заявлениям задержали одного из стрелявших – зачинщика драки, он 1984 года рождения, мы все его знаем. Сейчас они содержат его в РОПе", — сказала Н.Салмова.
На момент выхода данного материала агентство "Интерфакс-Казахстан" не располагало информацией из департамента внутренних дел Алматы.