Алматыда дәмханаларға ет дайындап беретін жасырын цехтің жұмысы адам шошытады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда дәмханаларға ет дайындап беретін жасырын цехтің жұмысы адам шошытады

Алматыда дәмханаларға ет дайындап беретін жасырын цехтің жұмысы адам шошытады

Көлік жуатын жерде тауық етін дайындаған. Алматыда қаладағы барлық дәмханаларға тауық етін дайындайтын жасырын цех белгілі болды. Мұнда санитарлық ереже мүлдем сақталмайды екен. Себебі шыбын-шіркей, тышқан-кеміргіш, ит-мысық цех маңында өріп жүр.

  • 8 Тамыз 2013
  • 360
Фото - Caravan.kz


Сыртына темір тұлпарларды жуатын орын ретінде жарнамасы жазылған жерде сасық иіс қолқаны қабады. Тазалық дегенді мүлдем ескермеген жұмысшылар әкелінген бүтін тауықты мүшелеп, Алматының белді асханалары мен жеңіл тамақ дайындау орындарына жеткізіп келген. Күніне 1 тоннаға жуық ет жөнелтеді екен. Ал цехтің еденінде жатқан ет нәжіс пен лай суға араласып жатыр. Шыбын-шіркей, ит мысық, тіпті кеміргіштер де мұнда толып жүр. Алматыда жыл басынан бері осындай 18 орын анықталыпты. Бүгін рейдке шыққан құзырлы орын өкілдері жасырын цех қожайынына қатысты тек әкімшілік хаттама толтырумен шектелді.