«10 ақпанда Алматыда Дүниежүзілік денс аулық сақтау ұйымының географиялық жағынан шалғайдағы алғашқы медициналық санитарлық көмек (АМСК) жөніндегі кеңсесі ашылады. Бұл туралы келісімге Қазақстаның денсаулық сақтау министрі мен ДДСҰ Еуропалық бюросының өңірлік директоры 2014 жылы Женевада қол қойған болатын. Орталық Азия аймағында ДДСҰ-ның жаңа өкілдігінің ашылуы 1978 жылы қабылданған «ДДСҰ-ның Алматы декларациясына» сәйкес Қазақстанның алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту саласындағы беделді саясатын қалыптасуға көмектеседі. Бұл орталық Орталықазиялық аймақ елдері үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек мәселелері жөнінде үйлестіруші рөлін атқарады», — делінген хабарламада.
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының атап өтуінше, АМСК мәселелері жөніндегі ДДСҰ-ның арнайы кеңсесінің құрылуы денсаулық саласындағы екіжақты жобаларды кеңейтуге мүмкіндік береді. Орталықтың мәліметтері бойынша Қазақстанда АМСК жүйесінде барлығы 7806 дәрігер жұмыс істейді. Оның ішінде жалпы практика дәрігерлері, 2318 (30%), учаскелік терапевтер — 2866 (37%), учаскелік педиатрлар — 2622 (33%).