Алматыда диллерлер көлік құнын жаңа көрсеткішке сай өзгеруде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда диллерлер көлік құнын жаңа көрсеткішке сай өзгеруде

Алматыда диллерлер көлік құнын жаңа көрсеткішке сай өзгеруде

Алматы жұрты бүгін ақша айырбастау орындарының ашылуын күтумен болды. Биржада таңертең басталған саудаға байланысты шығынға батамыз деген бірқатар жекеменшік мекемелер тек түс қайта жұмысқа кірісті.

  • 21 Тамыз 2015
  • 306
Фото - Caravan.kz

Доллар, еуро және рубльдің жаңа бағамы тақтайшаларда минут санап өзгеріп отырды. Ақша айырбастау орындарының әрқайсысы шетел валютасының сату-сатып алу бағамын сараптап, өздеріне ұтымды көрсеткішті қоюға тырысқан. Ақша айырбастау орындарының алдында алматылықтар ұзын-сонар кезекке тұрған жоқ. Дегенмен, кеше арзан бағаға АҚШ ақшасын сатып алып үлгергендер қазір-ақ валютаны қымбатқа сатуға кірісті. Теңгенің құнсыздануына байланысты қазіргі таңда автокөлік саудасымен айналысатын диллерлер Алматыда да машина сатуды тоқтатып, тауар құнын жаңа көрсеткішке сай өзгертуде. Сонымен қатар еліміздегі мыңнан астам интернет-дүкеннің жұмысы уақытша тоқтап қалды. Бұл да сол бағаны өзгерту үшін болған жағдай.   

Соңғы жаңалықтар