Алматыда джип мінген "генерал" сегіз бап бойынша жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда джип мінген "генерал" сегіз бап бойынша жазаланды

Алматыда джип мінген "генерал" сегіз бап бойынша жазаланды

Ер адамға автотұрақ ережесін бұзып, азаматтық қаруды сақтағаны және ұсақ бұзақылық әрекеті үшін айыппұл салынды

  • 13 Желтоқсан 2020
  • 731
Фото - Caravan.kz

 Даулы бейнежазба кейіпкері сегіз бап бойынша жазаға тартылды. Сонымен қатар, ол заңсыз форма киіп, азаматтық қаруды сақтау ережесін бұзған, дер хабарлады sputnik.kz

Айыппұлдың жалпы сомасы 70 айлық есептік көрсеткішті (1 АЕК – 2 778 теңге), яғни 194 мың 460 теңгені құрады.

Бұған дейін Telegram-да форма киген егде жастағы ер адам балағат сөздер айтып, өзін өте агрессивті көрсеткен видео тараған.

"Мен ер адамнан көлігін велосипед жолағынан шығаруды сұрағанымда, ол тапаншамен атып саламын деп қорқытты", – дейді видео авторы.

"Сен кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе? Мен қызметтегі адаммын!", –деп жауап берген ер адам.

Алматылық полицейлер джиптегі "генералды" іздеп тапты.

"Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған видеоның негізінде тексеру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, құқық бұзушының кім екені анықталды. Ол 1946 жылы туған Н. есімді азамат. Ер адам жауап беру барысында өзінің генерал емес екенін түсіндірді", – делінген Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

 

Соңғы жаңалықтар