Алматыда экологиялық-санитарлық нормаларды бұзу бойынша сенім телефон желісі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда экологиялық-санитарлық нормаларды бұзу бойынша сенім телефон желісі ашылды

Алматыда экологиялық-санитарлық нормаларды бұзу бойынша сенім телефон желісі ашылды

«Экологиялық орталық»қоғамдық қоры Алматы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде экологиялық-санитарлық нормаларды бұзу бойынша сенім телефон желісін ашты, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

  • 2 Маусым 2011
  • 635
Фото - Caravan.kz

«Алматыда заңды және жеке тұлғалардың экологиялық-санитарлық нормаларды бұзу мәселелері бойынша азаматтардың шағымдарын қабылдайтын «сенім телефоны» желісі ашылды Байланыс телефоны: 329-60-99», — делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Бұл қызмет 5 маусымда атап өтілетін дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ашылып отыр.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың 16 желтоқсанында БҰҰ бас ассамблеясының 27 сессиясында жарияланды. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 5 маусымда атап өтіледі. Бұл күн 1972 жылы өткен адамның қоршаған ортасының проблемалары бойынша Стокгольм конференциясы жұмысының басталуына орайластырылды. Бас Ассамблея өз резолюциясында БҰҰ жүйесінің мемлекеттері мен ұйымдарын жыл сайын бұл күні қоршаған ортаны сақтау мен жақсартуға ұмтылыстарын қуаттайтын шаралар өткізуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар