Алматыда эксклюзивті жәдігерлер қойылған ерекше көрме өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда эксклюзивті жәдігерлер қойылған ерекше көрме өтті

Алматыда эксклюзивті жәдігерлер қойылған ерекше көрме өтті

Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ерекше тарихи көрме өтіп жатыр. Ерекшелігі сол – мұнда ежелгі қола дәуірден бастап, берісі 20-шы ғасырдағы қазақ тарихынан сыр шертетін жәдігерлер  жұрт назарына ұсынылған.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 337
Фото - Caravan.kz

Алматы обылысындағы «Таңбалы тас» қорық-мұражайында аспан астында сақталып келе жатқан 5 мыңнан астам петроглиф суреттер бар. Мына көрмеге солардың фотосуреттері мен ежелгі дәуірден жеткен кейбір тастар мен бұйымдардың түпнұсқасы әкелініп отыр. Бұлар бір кездері ежелгі дәуір адамдары үшін тұрмыс құралдары ретінде қолданылған. Бұйымдардың көбі жерленген адамдардың қабірінен табылған. Көрмедегі экспонаттардың арасында әйгілі Жамбыл ақынның домбырасы да бар. Сондай-ақ, бұрынғы батырлардың бес қаруы да қойылған.