Алматыда электровоз бен жолаушылар пойызы соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда электровоз бен жолаушылар пойызы соқтығысты

Алматы-1 темір жол вокзалында электровоз бен Алматы-Қарағанды бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы соқтығысты.
           Жетісу Көлік прокуратурасының хабарлауынша, төтенше оқиға сейсенбі күні 15:45-те пойызға жолаушыларды отырғызып жатқан кезде болған.
           «Салдарынан сегіз адам жарақат алды. Оның сегізі түрлі дене жарақатын және миы зақымданды деген диагнозбен Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
           Медициналық тексеруден кейін бір азамат №7 аурухананың нейрохирургия бөліміне орналастырылды», - делінген хабарламада.
           Бастапқы болжам бойынша, қақтығыс электровоздың тежеу жүйесінің істен шығуы салдарынан болған.
           Ақпарға сүйенсек, «жылдамдық өлшеу кассетасын тексеру барысында машинистің электровозды тоқтатуға барынша күш салғаны» анықталды.
           Көлік прокуратурасыныңы мәліметіне қарағанда, қақтығыс салдарынан пойыз вагондары 18 см жылжып кеткен. Бірақ вагондар бүлінбеген.
           Оқиғаға байланысты аталған пойыз 53 минутқа кешікті.
           Тежеу жүйесінің істен шығу себептерін анықтағанға дейін электровозды пайдалануға тыйым салынып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

  • 7 Тамыз 2013
  • 433
Фото - Caravan.kz

Алматы-1 темір жол вокзалында электровоз бен Алматы-Қарағанды бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы соқтығысты.

           Жетісу Көлік прокуратурасының хабарлауынша, төтенше оқиға сейсенбі күні 15:45-те пойызға жолаушыларды отырғызып жатқан кезде болған.
           «Салдарынан сегіз адам жарақат алды. Оның сегізі түрлі дене жарақатын және миы зақымданды деген диагнозбен Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
           Медициналық тексеруден кейін бір азамат №7 аурухананың нейрохирургия бөліміне орналастырылды», — делінген хабарламада.