Алматыда екі бірдей басылым мерейтойларын атып өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда екі бірдей басылым мерейтойларын атып өтіп жатыр

Алматыда екі бірдей басылым мерейтойларын атып өтіп жатыр

Алматыда екі бірдей балалар басылымы мерейтойларын атап өтіп жатыр! Биыл «Ақ желкен» журналының шыға бастағанына 90 жыл, ал «Ұлан» газетіне 85 жыл толды.

  • 24 Қазан 2015
  • 310
Фото - Caravan.kz

Қос басылымның мерейтойына еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқырмандар мен жазушылар жиналған. Мереке аясында «Ақ желкен» мен «Ұланның» жас тілшілерінің шығармалары басылған жинақ та жарық көрді. Тамыры терең тарихы бар қос басылымға кезінде Саттар Ерубаев, Фариза Оңғарсынова, Сақтаған Бәйішов сынды қазақтың біртуар тұлғалары жетекшілік еткен. Ал кеңес кезінде «Ұлан» «Қазақстан пионері», «Ақ желкен» «Пионер» деп аталған болатын. Олар болашақ журналистер мен ақын-жазушылардың қаламының ұшталуына көп жылдардан бері септігін тигізіп келеді.

Сұлтан Қалиұлы, «Ұлан» газетінің бұрынғы бас редакторы:

-Мына «Ұлан» газеті қазір біздің халқымыздың, еліміздің дамуы керемет жылдамдық, темппен келе жатыр ғой. Міне «Ұлан» газеті де соған ілесіп келе жатыр. Көтеретін мәселелерінің бәрі актуальді, сондай нәрселерді жазып жүр.