Алматыда ерлі-зайыпты театр әртістерінің өлі денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ерлі-зайыпты театр әртістерінің өлі денесі табылды

Алматыда ерлі-зайыпты театр әртістерінің өлі денесі табылды

Алматыдағы театрдың гример бөлмесінде ерлі-зайыпты әртістердің өлі денесі табылды. Қайғылы жағдайдың жай-жапсары белгісіз. Бұл ақпаратты театрдың баспасөз хатшысы Майя Әділхан растады.

  • 26 Мамыр 2015
  • 1624
Фото - Caravan.kz

Бүгін Алматы облысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер және балалар театрының ұжымы Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шарипованы ақтық сапарға шығарып салып жатыр.

Қайғылы жағдай өзара дау-жанжалдан шығуы мүмкін. Алдымен ері әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салуы мүмкін дейді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өнерлі жұптың артында 2 баласы қалған.

ҚР «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Шынтаев Мұхитдин Сламақынұлы қазақстандықтарға «Жедел жәрдем-2» сериалы арқылы таныс.