Алматыда ертең ескерту дабылы қағылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ертең ескерту дабылы қағылады

Алматыда ертең ескерту дабылы қағылады

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті әр айдың бірінші бейсенбісі күні сағат 12.55-те қала бойынша байланыс және хабар таратудың техникалық дайындығын тексереді.

  • 4 Мамыр 2016
  • 396
Фото - Caravan.kz

Айта кету керек, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қала тұрғындары әлденеше рет хабардар етілген болатын.

Кезекті дабыл 5-мамырда сағат 12.55- те қосылады. 2 минутқа  созылған ескерту барысында үлкен қаланың тұрғындарын қандай да бір төтенше жағдайлар болсын тез арада хабарландыру жүйесін тексеру мақсат етілген.

Сондай-ақ барлық теле-радио арналары арнайы қағылған дабылға байланысты бірмезетте «Бәріңе, бәріңе!» деген хабар тарататын болады.


Атаулы күн мерекелік датаға түскен сәтте дабыл келесі бейсенбіге қалдырылады.