Алматыда есінен танып қалған автобус жүргізушісі үш көлікті соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда есінен танып қалған автобус жүргізушісі үш көлікті соқты

Алматыда есінен танып қалған автобус жүргізушісі үш көлікті соқты

Алматыда №92 автобусы Саин мен Абай көшелерінің қиылысында үш жеңіл көлікпен соқтығысты.

  • 14 Шiлде 2015
  • 428
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі жол үстінде есінен танып қалған.

«Үшінші шағынаудан» аялдамасынан кейін автобус оңтүстік бағытта қозғалысын жалғастыра берген. Сол бағытта қозғалған ол кідірместен Audi, Volkswagen Touareg, Toyota Camry көліктерін соққан. Есін жиған соң жүргізуші қоғамдық көлікті көпірдің қоршауына жақын тоқтатқан.

GPS-навигацияның мәліметінше, автобус сағатына 33 км жылдамдықпен жүрген. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.

«Алматыэлектротранс» ЖШС көліктері «Альянс Полис» сақтандыру компаниясымен сақтандырылған.


Қазір оқиғаның жай-жапсарын жол патрульдік полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Автопарк өкілдерінің айтуынша, күн сайын рейске шықпай тұрып жүргізушілер медициналық тексеруден, көліктер техникалық тексеруден өтеді. Автобус жүргізушісінің 33 жыл еңбек өтілі бар. Ол күні денсаулығынан ешқандай кінәрат байқалмаған.

Дәрігерлер оның аптап ыстықтан есінен танып қалуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.