Қаланы көріктендіру мақсатында қолға алынған шара тамыз айынан бері жалғасып келеді. Сол уақыттан бастап ескі 18 аялдама сүрілген. Бұзу жұмыстарын «РТС компаниясы» өз мойнына алған. Айта келсек, жаңа нысанның жанына асфальт төсеп, жуып-шайып тұру да солардың мойнында. Сауда нүктесі бар орындар бұзыла бастағанда жалға алушылар арасында келіспеушілік те туындаған. Бірақ жұмыссыз қалған кәсіпкерлердің қамын ойлаған компания жаңа жобаны қарастыруда.
Анастасия Нечаева, «РТС Деко» АҚ заң бөлімінің жетекшісі:
– Біз жеке аялдама кешендерін жалға алушылардың жағдайын түсінеміз. Олардың еш кінәсі жоқ. Қаншама адам жұмыссыз қалайын деп тұр. Қалада 2 мыңға жуық аялдама бар. РТС соның 500-іне қызмет көрсетуді міндетіне алған. Ал жұмыссыз қалған дүкен иелеріне алдағы күндерде көмектесу жағын қарастырып жатырмыз.