Жарияланды: 630

Алматыда Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердегі трансферттік баға белгілеу саясатына бақылау қою жөнінде ұсыныс әзірлеуге арналған отырыс аяқталды

Мамырдың 27-28 аралығында Алматыда Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердегі трансферттік баға белгілеу саясатына бақылау қою жөнінде ұсыныс әзірлеу жөніндегі Мекемеаралық жұмыс тобының кезекті мәжілісі болып өтті.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЕурАзЭстің баспасөз қызметінен хабарлады. Мекемеаралық жұмыс тобы Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің салық және кеден қызметтері басшылары Кеңесінің бірлескен отырысының шешіміне сәйкес құрылған болатын. Мекемеаралық жұмыс тобының отырысына "бестік" елдерінің салық және кеден қызметтерінің сарапшылары қатысты. Отырысқа қатысушылар Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа мүше мемлекеттердегі трансферттік баға белгілеу саясатына салық және кеден қызметтері тарапынан бақылау қою жөніндегі ұсыныстарды талқылады. Талқылау нәтжесінде ЕурАзЭске мүше-мемлекеттердің салық және кеден қызметтері арасында трансферттік баға белгілеу саясатына бақылау қою жөнінде өзара ақпарат алмасу туралы , осындай алыс-берісті ұйымдастыру ережелері, атап айтсақ, ақпарат алмасу тәртібі, мерзімі мен көлемі туралы Келісімдер жобалары толықтырылып келісілді. Аталған құжаттардың жобалары салық және кеден қызметтері басшылары Кеңесінің 2003-жылы қазан айында Мәскеуде өтетін отырысында қаралады. 29-мамырда ЕурАзЭске мүше-мемлекеттердің салық мекемелері сарапшыларының отырысы одан әрі жалғасты. Сарапшылар Қоғамдастық елдеріндегі ірі салық төлеушілерге салық салу мәселесін сарапқа салып, ірі салық төлеушілерге бақылау қоюға қатысты әр ел заңдарына енгізілген өзгерістерді ортаға салды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть