Жарияланды: 630

Алматыда «Ғылымның дамуы - еліміздің болашағы» атты форум өтеді

Ертең Алматыда «Ғылым ордасында» ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен «Ғылымның дамуы - еліміздің болашағы» атты форум өз жұмысын бастайды.

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан ғалымдарының алдына елдің индустриялық-инновациялық дамуына жол ашу міндетін қойып отырғаны белгілі. Қазіргі кезде Елбасы қолдауының арқасында Қазақстан ғалымдарының осы міндетті атқаруға толық мүмкіндігі бар. Таяуда "Ғылым туралы" жаңа заң қабылданды, еліміздің заңдарына өзгерістер енгізілуде, отандық ғылымды басқарудың жаңа үлгісі жасалды. Заманауи ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін кеңінен талқылауға Қазақстан Парламентінің депутаттары, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, республиканың ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері, таяу шет елдердің ұлттық академияларының өкілдері, БАҚ өкілдері шақырылған. Форумға қатысушылар ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ұйымдардың көрмесін тамашалайды. Көрме экспозициялары Қазақстандағы ғылыми-зерттеу қызметінің қазіргі жай-күйін және оның келешегін көрнекі түрде бейнелейді. Сондай-ақ шараға еліміздің 200-ден астам академигі қатысады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть