Алматыда Голливуд актері Киану Ривздің мүсіні қойылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Голливуд актері Киану Ривздің мүсіні қойылмақ

Алматыда Голливуд актері Киану Ривздің мүсіні қойылмақ

Киану Ривздің мұңайып тұрған мүсіні Алматы қаласындағы даңғылдардың біріне қойылады.

  • 28 Наурыз 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Мүсін авторы танымал актердің бейнесі алматылықтарды жайсыз көңіл-күйден құтқаратынын айтады, деп жазады Sn.kz.

Киану Ривздің мұңайып тұрған мүсіні Алматы қаласындағы даңғылдардың біріне қойылады. Актердің мұндай көңілсіз түрін бейнелеуді Алматыдағы гастробар иесі Жаңыл Наратауова ұсынған екен.

«Мен Киану Ривздің жанкүйерімін. Ол өте талантты және тағдыры қиындау адам. Сондай-ақ, қарапайым кісі. Қатерлі ісік ауруымен ауыратын адамдарға көмек көрсететін қайырымдылық қорына ол 10 миллион доллар қаражатын аударған. Кианудың өзін Алматыға алып келе алмадық. Бірақ мүсінін қоюды жөн көрдік. Қаламызда оның шығармашылығына қызығушылықпен қарайтындардың көп екенін білемін. Сол үшін Кианудің өзімен болмаса да, мүсінімен суретке түсе алатын мүмкіндік туды», — деді Ж.Наратауова Sputniknews порталына берген сұхбатында.

Мүсін 2018 жылдың соңына дейін орнатылады. Қазір Жаңыл Наратауова оны жасай алатын шеберлерді іздеп жүр екен. Қаржысын толықтай өзі көтермекші.


Айта кетейік, 53 жастағы Киану Ривз «Матрица» трилогиясында басты рольді сомдағаннан кейін кең танымалдылыққа ие болды.

Оқи отырыңыз:

Еркектер әйелін тоқалындай сүймейді

Қызылордада болған атыс камераға түсіп қалған

Соңғы жаңалықтар