Алматыда «iPhone»-ның дәлме-дәл көшірмесін жасап келген цех әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «iPhone»-ның дәлме-дәл көшірмесін жасап келген цех әшкереленді

Алматыда «iPhone»-ның дәлме-дәл көшірмесін жасап келген цех әшкереленді

Алматыда «iPhone» маркалы жалған смартфондар жасап келген цех жұмысы әшкереленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 25 Қыркүйек 2017
  • 210
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері «Аэровокзал» сауда орталығы аумағынан «iPhone» маркалы телефондар құрастырып, қаттап жатқан топтың қызметін әшкереледі.

Жедел-іздестіру шарасы аясында заңсыз тауарды Қазақстанның өзге аймақтарынан келген жеке тұлғаларға, сондай-ақ Алматыдағы Орталық универсал дүкеніне (ЦУМ — авт.) өткізіп келген саудагерлер ұсталды. Анықтау барысында 30 дана «iPhone» телефоны тәркіленді.

Сарапшылардың айтуынша, Алматыда құрастырылған заңсыз телефонды түпнұсқадан ажырату өте қиын. Себебі, смартфонды құрастыру барысында жедел жады мен «орталық процессердің» түпнұсқасы қолданылған. Алайда, гаджеттің өзге бөлшектері жалған әрі арзан бұйымдардан тұрады.  

Іс бойынша, ҚР ҚК 222-бабымен (тауар белгісін заңсыз пайдалану) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін іс сотқа жолданады.


Соңғы жаңалықтар