Жарияланды: 530

Алматыда ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен кәсіпкер қамауға алынды

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен кәсіпкер қамауға алынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Алаяқ жақын уақыттардағы қаланың құрылыс нысандары цемент жетіспеушілігін сезінген құрылыс дағдарысын сәтті пайдаланған. Алматыға цемент тасымалдаумен байланысты бизнес құру ұсынысымен күдікті өзінің ауқатты танысымен хабарласып, сол уақыттағы ұтылмайтын іске ақша салуға ұсыныс білдіреді", - деп хабарлады Әуезов аудандық ІІБ бастығы полиция полковнигі Серік Манабаев. Оның айтуынша, алғашқы жәбірленуші екі пәтері мен дәмханасын кепілге қоя отырып екі банктен несие алып, күдіктімен кездесуге барған. Жәбірленуші әйел мәмілені ресми түрде рәсімдеуді талап етеді. "Сол кезде алаяқ шешімді түрде және озбырлықпен әрекет еткен. Яғни, ол жай ғана ақша толы сөмкені әйелдің қолынан жұлып ала жөнелген". "Жәбірленушінің арызы бізге сол арада келіп түсті. Тұрғылықты орындары бойынша тонаушы мен алаяқты қолға түсіру мүмкін болмады. Ол үнемі мекенжайын өзгертіп отырды. Қылмыскер іздеуде жүріп-ақ тағы жеті кәсіпкерді тақырға отырғызып кеткен. Жалпы алғанда алаяқтың олжалаған ақшасы 8 миллион АҚШ долларын құраған", - деп атап көрсетті С. Манабаев. "Алаяқтың кәсібі көп жерді қамтыған. Цемент бизнесіне ақша салуды ол Оңтүстік Қазақстан, Тараз және Астана қалаларының кәсіпкерлеріне ұсынған. Бір қызығы, олардың көпшілігі оның айтқандарының бәріне сенген", - деді полиция қызметкері. Оның айтуынша, қамауға алынғаннан кейін күдікті иеленген ақшаның тек шағын ғана бөлігі қайтарылған. Қылмыстық іске сондай-ақ, "Мерседес" маркасындағы автокөлік те тіркелген. Оны алданған кәсіпкерлердің бірі "табысты" бизнеске салған. Ол көлікті алаяқ жалған тұлғалар арқылы сенімхатпен сатып жіберген. "Қазіргі уақытта шұғыл-тергеу тобы оның фирмасының ақиқаттығын тексеруде. Осы бағытта біз Салық комитетімен және Әділет департаментімен тығыз ынтымақтасудамыз. Осы азаматтың мойнында тағы да ондаған осы секілді қылмыстар бар деген ойдамыз. Кейбір алданған адамдар өз проблемаларын жариялағанды теріс көріп, ішкі істер органдарына хабарласпаулары да мүмкін", - деп толықтырды полковник Манабаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін