Жарияланды: 40

Алматыда Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығының 31 маусымы өтті

Алматыда Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығының 31 маусымы өтті

Алматыда өткен сән апталығына Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің дизайнерлері қатысты. 16 сәнгер ағымдағы күз-қыс маусымының топтамасын көрсетті.

Алматылықтар мен қала қонақтары екі күн бойы керемет сән үйіне айналған Нұрсұлтан Назарбаев Қорында 2022-2023 жылдағы басты трендтермен танысты.

Kazakhstan Fashion Week ауқымды шоу форматында өтті. Қордың Алматыдағы өкілдігінде сәнгерлер, дизайнерлер, стилисттер нағыз шедеврлер жасады. Содан кейін заманауи подиумда туындысын көрсетті. Атап айтқанда, бұлар халыққа кең танылған Aida KaumeNOVA, Alex Chzhen, Lariya School, ARUNAZ, Tamara Lamanukaeva, Zardozi, ASHERI, YANG LAIN, ShakerBAY, TriNiti және т.б. брендімен Әділ Ботабаева еді. Сонымен қатар, мұнда QOORCHAQ и Zalkar (Қырғызстан), Uventa (Әзірбайжан), Suhrob Habib (Өзбекстан) сынды шетелдік сән үйлері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Азия өңірінің сән индустриясындағы басты оқиғаны өткізу шығармашылық жастардың дамуы мен мәдени кластердің болашақ мамандарын қалыптастыруда маңызы зор.

Kazakhstan Fashion Week аясында жас дизайнерлердің 11-ші «NEW GENERATION – Open Way» байқауының финалы өтті. Байқаудың тақырыбы Ethno Style. Финалға Қазақстанның алты өңірінен 35 қатысушы қатысты. Қазылар алқасының құрамына Қазақстанның fashion-индустриясы саласындағы жетекші мамандар кірді.

«NEW GENERATION — Open Way» жас дизайнерлер байқауында Ксения Волковажеңімпаз атанды. Дизайнердің айтуынша, бұл образдың негізінде қазақтың стилі бар.

- Мұнда ұлттық код топтасқан: қатпарлы юбка, етік, ортаңғы бөлігінде киім көкірекше түрінде, жеңі көлемді көрінеді. Қарапайым мата пайдаланылды, қолдан жасалған табиғи бөз, бұл бірнеше ай бойы кесте тігіп, бұйымды безендірген кесте тігушілер мен қолөнершілердің қажырлы еңбегін байқатады. Мата арасында табиғи жүн де салынды, бұл да киімге дәстүрлі материалдарды қолданғанды көрсетеді, - дейді Ксения Волкова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін