Жарияланды: 700

Алматыда Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигельдиновке арналған музей ашылады (ФОТО)

Алматыда Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигельдиновке арналған музей ашылады (ФОТО)

Алматыда Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновке арналған музей ашылады.

Бұл туралы «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, генерал-майор Махмұт Төлеғұсов мәлім етті. 

«Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Орталық Армия үйінде» Талғат Бигелдиновке арналған жеке естелік бұрыш ашылды. Ол жерге батыр ағамыздың өмірінің әр кезеңінде түскен фотосуреттері, өзіне қатысты құжаттар, кітаптар, газет және журналдар қойылды. Болашақта Алматыда арнайы музей ашылады. Бұл мәселе қазір қала әкімдігінде талқыланып жатыр. Әзірге бұл бағытта фотосуреттер, бейнебаяндар, фильмдер, құжаттар және басқа да материалдарды жинау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді М.Төлеғұсов. 
Сонымен қатар ол биыл Мәскеу қаласының Тағзым тауында орналасқан Ұлы Отан соғысына арналған Орталық мемлекеттік музейге Талғат Бигелдиновтің мүсіні қойылатындығын жеткізді. 
«Аталмыш музейдің басшылығымен нақты келісімге қол жеткізілді. Құдай қаласа, үстіміздегі жылы 9 желтоқсанда музейдің Даңқ залына Талғат Бигелдиновтің мүсіні қойылады. Ал келесі жылы Кеңес Одағының батыры, ҚР тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың мүсіні қойылады. 2016 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстаннын шыққан екі дүркін Кеңес Одағының батырлары - Сергей Луганский, Леонид Беда және Иван Павловтың мүсіндері қойылады. Қазір көп жерде соғыс тарихы бұрмаланып жатыр. Біз мұндай әрекеттерге қуатты патриоттық қозғалыспен жауап беруіміз керек. Барша жұрт Қазақстаннан шыққан ерен ерлер жайында біліп жүрсін», - деді генерал-майор М.Төлеғұсов.

3

4

6

7

9

11

12

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін