Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Астана» алаңында сағат 19:00-ге жоспарланған кешкі концерт жауын-шашынға байланысты ерте басталатын болды. Бұл концертке эстрада жұлдыздарымен қатар, Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі қатысады.
Ал кешкі мерекелік салют сағат 21:30-ға ауыстырылды.
Айта кетелік, салют «Астана» алаңы мен «Көктөбе» саябағынан атылады.