Оқиғаның нақты қай қалады болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен таспада кортеждегілердің тым еркінсінгені анық көрінеді. 6 көлік артымен келе жатса, жас жұбайлар қол ұстасып, саябақтағыдай серуендеп жүр. Қозғалыстың шектелуіне байланысты, көшеде ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Тіпті қоқыс таситын көлік пен жедел жәрдем амалсыз қарсы бағытпен жүйткуге мәжбүр. Тым еркінсулеріне қарағанда, бұл жолғы той иелері де қатардағы адам емес сияқты. Ұлының тойындағы осындай есерліктің кесірінен өткен айдың соңында ғана еліміздің бас жол полицейі Бақытжан Балташев қызметінен кеткен болатын.