Алматыда халықаралық есірткі трафигін ұйымдастырушы қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда халықаралық есірткі трафигін ұйымдастырушы қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Алматыда халықаралық есірткі трафигін ұйымдастырушы қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Алматы. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 11 шілдеде есірткі трафигін ұйымдастырушы қылмыстық топтың жетекшісі, Ұлыбритания азаматы Товерс Шон Кристофер ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Шiлде 2008
  • 406
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық өзара әрекеттестік аясында Тәжікстан Республикасының құқық қорғау органдарына Еуропаға есірткі контрабандасын ұйымдастырушылардың бірін ұстауға көмек көрсетті.

Тәжікстан Республикасы президенті жанындағы Есірткілерді бақылау жөніндегі агенттік (ЕБА) осы жылы есірткілік заттардың ірі партиясын Душанбеден Испания астанасы Мадридке жөнелтетін арнаны анықтады. Есірткі трафигін Ұлыбритания азаматы Товерс Шон Кристофер ұйымдастырған және ол курьерлер ретінде Орталық Азия елдерінің бір топ азаматын қызметке тартып алған.

Тәжік жедел қызметкерлері героиннің кезекті жеткізілімі кезінде есірткі тобының бірқатар белсенді қатысушыларын ұстаған, бірақ ұйымдастырушы Тәжікстаннан тыс аумаққа бас сауғалап үлгерген.

Қазақстан арнайы қызметі ТР ЕБА бағдарымен республика аумағында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, соның нәтижесінде үстіміздегі жылдың 11 шілдесінде Алматы қаласында Товерс анықталып, құрықталды.

Қазіргі уақытта ол Тәжікстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті