Жарияланды: 650

Алматыда халықаралық телевизиялық ЭММИ жүлдесін "Жаңалықтар сюжеті" номинациясы бойынша табыс ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиттық жартылай финалы өтеді

27-маусымда Алматыда халықаралық телевизиялық ЭММИ жүлдесін "Жаңалықтар сюжеті" атты номинациясы бойынша табыс ету жөніндегі Азия-Тынық мұхиттық жартылай финалы өтеді. Бұл туралы бүгін, 26-маусымда өткен баспасөз мәслихатында АҚШ Телевизиялық өнер және ғылым жөніндегі Халықаралық ЭММИ Академиясының атқарушы директоры Джорджес Леклер хабарлады.

Д.Леклердің айтуынша, 12 мүшелі қазылар алқасының талқысына 4 жұмыс , атап айтсақ, Қазақстаннан бір ("Хабар агенттігі" ЖАҚ) , Филиппиннен екі, Гонконгден бір жұмыс ұсынылмақ. Сюжеттерге берілген бағаны дауыс беру арқылы қорытындылаған қазылар алқасы 2003-жылдың күзінде Нью-Йоркте өтетін жыл сайынғы ЭММИді табыс ету салтанатының 55-ші финалында Азия аймағының намысын қорғайтын екі таңдаулы сюжетті таңдап алмақшы. Халықаралық ЭММИ сыйлығы дүниежүзі бойынша үздік телевизиялық бағдарламаны таңдау үшін тағайындалған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін