Алматыда көлік ағашқа тіреліп, жүргізуші аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көлік ағашқа тіреліп, жүргізуші аман қалды

Алматыда көлік ағашқа тіреліп, жүргізуші аман қалды

Алматының Медеу ауданында жол апаты болды. Көлік бір шетке қисайып, ондаған метр алға жылжып, ағашқа барып тірелді.

  • 4 Қараша 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жол апаты Алматының Медеу ауданындағы Шоқай көшесінде болған. Куәгерлер мен жүргізуші мәлімдегендей, жазғы дөңгелекті Subaru Forester Шоқай көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.

Бұрылыс кезінде жүргізуші көлікті басқара алмай, машина бордюрге соғылған. Салдарынан бір шетке қисайып, тағы бірнеше ондаған метр алға жылжып, ағашқа барып тірелді. Ағаш болмағанда, автокөлік аңғарға қарай аударылып кетер еді.

Из-за летней резины автомобиль вылетел с дороги по улице Шокая

© SPUTNIK / СТРИНГЕР

Жол апатынан ешкім ауыр зардап шеккен жоқ

Жол апатынан ешкім ауыр зардап шеккен жоқ. Жүргізуші аздап қорқып қалған. Жедел жәрдем шақыруға қажеттілік болмады. Қала полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар