Жарияланды: 400

Алматыда көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған Өзбекстан азаматтары ұсталды

Алматыда жолаушы тасымалымен жекелей айналысып жүрген көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған үш Өзбекстан азаматы ұсталды . Бұл туралы Алматы қалалық ІІББ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қарақшылық шабуыл туралы мәлімет Алматы қалалық ІІБ-ның Жедел басқару Орталығына бүгін, 1-шілдеде таңертеңгі сағат 5-те келіп түскен. Қарақшылық шабуылдан зардап шеккен жүргізушінің хабарлауынша, автокөлікті иемденіп алмақ болған үш жолаушы оны соққыға жыққан. Алайда көлік қожайынының тарапынан қатаң қарсылыққа тап болған жүргіншілер қашып үлгерген көрінеді. Оқиға болған жерге шақырумен жеткен "Боран-77" экипажы сол аумақта іздеу ұйымдастырып, үш күдіктіні қолға түсірді. Тұтқындардың үшеуі де Ташкент тұрғындары, бұрындары сотталмаған. Қазір олар уақытша тергеу қапасына қамалып, қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып тексеру басталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть