Жарияланды: 470

Алматыда комада жатқан жол полицейінің жағдайында өзгерістер пайда болды

Осымен бір жарым ай бойы комада жатқан Алматы ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының арнайы батальон бастығының орынбасарының жағдайында өзгерістер пайда болды, деп "Интерфакс-қазақстан" агенттігіне Алматы ІІД хабарлады.

"Өзгеріс бар. Бір-екі күн бұрын ол көзін ашты, алайда ешқандай белгі бермейді. Әзірге басқа мәлімет жоқ", - дейді ол. Бұрын хабарланғандай, 1 маусым күні Алматы орталығында N35 бағыттағы автобус жүргізушісі жол полициясының арнайы көлігімен соқтығысқан болатын. Жол апаты салдарынан Алматы ІІД ЖПБ арнайы батальон бастығының орынбасары зардап шекті, оған нейрохирургиялық операция жасалды. Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінде жасанды тыныстау аппаратында комада жатыр. Автобус жүргізушісі тұтқындалып,үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін