Алматыда көмір қышқыл газынан 5 адам уланды, оның біреуі жас бала - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көмір қышқыл газынан  5 адам уланды, оның біреуі жас бала

Алматыда көмір қышқыл газынан 5 адам уланды, оның біреуі жас бала

Алматы. 23-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда көмір қышқыл газынан 5 адам уланды, оның ішінде біреуі жас бала, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қалалық "Құтқару қызметіне" сілтеме жасай отырып.

  • 23 Қараша 2007
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Құтқару қызметінің» ақпараттарына сүйенсек, төтенше оқиға Түркісіб ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.

«Төрт адам көмірқышқыл газымен уланып, токсикологиялық бөлімшеге жеткізілді. Олардың ішінде жас бала бар»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

58 жастағы әйел жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін қайтыс болды.

«Көмірқышқыл газынан улануға қолдан жасалған пештегі ақау себеп болған»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті