Алматыда коммерциялық мекемелердің есепшоттарынан қомақты ақша жымқырған бір топ хакер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда коммерциялық мекемелердің есепшоттарынан қомақты ақша жымқырған бір топ хакер ұсталды

Алматыда коммерциялық мекемелердің есепшоттарынан қомақты ақша жымқырған бір топ хакер ұсталды

Алматыда коммерциялық мекемелердің есепшоттарынан арнайы компьютерлік бағдарламаның көмегімен қомақты ақша ұрлаған алаяқтар тобы ұсталды.

  • 23 Қаңтар 2014
  • 589
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасына сәйкес, олар төрт адамнан тұрған, топ басшысы бұрын алаяқтығы үшін сотты болған.

«Электрондық төлем жүргізу арқылы бұл азаматтар рұсқат етілмеген банктік аударламар жүргізу арқылы АҚ-ның бірінен 38 миллион 777 мың теңге ақша жымқырған», — деп Алматы ішкі істер департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Таймерденов мәлімдеді.

Қазіргі кезде бұл топқа кемінде он екі қылмыс бойынша айып тағылуда.