Алматыда контрафактілік дәрі сатқан дәріханалардың жұмысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда контрафактілік дәрі сатқан дәріханалардың жұмысы тоқтатылды

Алматыда контрафактілік дәрі сатқан дәріханалардың жұмысы тоқтатылды

Алматыда контрафактілік дәрі сатқан екі дәріхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Олар Қазақстанда тіркелмеген «Вобэнзим» препаратын сатып келген. 

  • 31 Шiлде 2015
  • 697
Фото - Caravan.kz


Тіркелмеген өнім заң бойынша контрафактілік болып табылады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ДСӘДМ медициналық және фармацевтикалық комитет департаменті жетекшісінің орынбасары Мұрат Мұхамедьяров мәлім етті. 
«2015 жылдың басынан бері барлығы 16 тексеру жүргізілген. Оның ішінде 2 дәріханада Қазақстанда тіркелмеген контрафактілік дәрілік өнім «Вобэнзим» сатылып келген. Аталған дерек бойынша қазір ҚР ӘҚБК 426-бабының 2-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Дәріхана иелеріне 200 АЕК, яғни 792 800 теңге көлемінде айыппұл салынды. Олардың жұмыс істеу лицензиясы 5 күнге тоқтатылды», — деді М.Мұхамедьяров.