Жарияланды: 600

Алматыда көп пәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінде қолдан жасалған ацетиленді генератор жарылды

Алматыда көп пәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінде қолдан жасалған ацетиленді генератор жарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жарылыс Алматы-1 теміржол бекеті маңында 18-маусым, сейсенбі күні кешкісін 17 сағат 10 минут шамасында орын алды. Сүт құятын ыдыстан жасалған генератордың жарылысы салдарынан тұрғын үйдің жанындағы 50 шаршы шақырымдық аумақта қосалқы құрылыс нысандары өртеніп, 50-литрлік пропанды көгілдір отын баллоны жарылып кетті. Соның салдарынан 40 жастар шамасындағы екі ер адам өртке шалдығып, әртүрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаға түсті. Өртке қарсы күрес қызметінің күшімен өрт екі сағатта өшірілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть