Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бостандық ауданындағы «Керемет» тұрғын үй кешенінде 27 маусымда 05 сағат 30 минутта көп қабатты тұрғын үйде 7 қабаттағы пәтерде 80 шаршы метр аумақта өрт шықты.
Соның салдарынан 50 жастағы әйел қаза тауып, 4 -дәрежелі күйікпен 18 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды. 20 адам сыртқа шығарылды. Өрт 06 сағат 27 минутта ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 60 адамы мен 11 техникасының көмегімен сөндірілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті