Алматыда күзет агенттігінің бірінің директоры өлтірілді.
Екі жерден пышақ салынған 52-жастағы ер адамның денесі пәтерінен табылды, деп хабарланған сейсенбіде қалалық ішкі істер департаментінен таралған баспасөз хабарламасында.
Полиция сол күні-ақ ер адамды ұстады, ол қылмыс жасағандығын мойындады.
"Күдіктінің айтуынша, ол ренжісіп және төбелесіп қалған соң жолдасын пышақтаған. Сосын қашып кеткен, пышақты жолға тастай салған", делінген онда.