Жарияланды: 550

Алматыда лак және бояу өнімдерін жасап құятын кәсіпорында өрт шықты

Астана. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда лак және бояу өнімдерін жасап құятын кәсіпорында өрт шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 22 қазанда сағат 06.00-де Алматының Түріксіб ауданындағы Якубов пен Ярославская көшелерінің қиылысында "Колор Центр - PIPIGI" ЖШС-нің үш қабатты өндірістік ғимаратының мансардасында 300 шаршы метр аумақты алып жатқан лак және бояу өнімдерін жасап құятын кәсіпорында 1-ші қабатта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 7 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 24 адамының көмегімен 8 сағат 19 минутта сөндірілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін