Алматыда мәйітхананың экс-директорына үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мәйітхананың экс-директорына үкім шықты

Алматыда мәйітхананың экс-директорына үкім шықты

Қалалық патология бюросының бұрынғы директоры Бақытжан Әлібеков 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 17 Маусым 2021
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бүгін Алматы қаласы Медеу ауданының №2 соты қалалық патологоанатомия бюросының бұрынғы директоры Бақытжан Әлібековке қатысты үкім шығарды бюро. Ол кәсіпкерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталды. Әлібеков Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша кінәлі деп танылды. 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және қаржы нарығын қадағалау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар, Әлібековтен 30 193 теңге көлеміндегі процессуалдық шығындар, ал жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 20 АЕК мөлшерінде өндіріледі.

"Әлібековтің кәмелетке толмаған баласы бар екендігі, сондай-ақ бұл бірінші жасалған қылмыс және оның ауырлататын мән-жайлары жоқтығы ескеріледі", — деді судья Залина Махарадзе.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Бақытжан Әлібеков пара алды деген күдікпен 2020 жылдың қазан айында ұсталған. Сот отырысында іс бойынша куәгер 14 миллион теңге пара туралы егжей-тегжейлі айтты.

Соңғы жаңалықтар