Алматыда мас жүргізуші үш көлікпен соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мас жүргізуші үш көлікпен соқтығысты

Алматыда мас жүргізуші үш көлікпен соқтығысты

Алматыда ішімдікке тойып алған жүргізуші үш көлікті соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жол апатына түскен жүргізушілер мен куә

  • 13 Шiлде 2017
  • 228
Фото - Caravan.kz

Алматыда ішімдікке тойып алған жүргізуші үш көлікті соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатына түскен жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, Волочаевская көшесінің бойында солтүстік бағытқа қарай үш көлік бағдаршам белгісіне тоқтап тұрған. «Honda CRV» көлігі бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан жүйіткіп келіп, бірінші «Тойота», кейін «Мазда» мен «БМВ»-ға соқтығысқан. «Honda» көлігінде алкогольді ішімдікке әбден тойған екі адам болған. Жүргізуші өз әрекетіне түсінік бере алмады, өзгелерге зардабын тигізгенін мойындады. Абырой болғанда жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.