Алматыда "Медина" спорт кешенінен өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Медина" спорт кешенінен өрт шықты

Алматыда "Медина" спорт кешенінен өрт шықты

 

  • 13 Желтоқсан 2020
  • 9
Фото - Caravan.kz

Aлматыда "Медина" спорт кешенінен өрт шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 13 желтоқсанда сағат 7.55-те ТЖД күштерi мен құралдары Әуезов ауданы Яссауи көшесiндегі спорт кешенде шыққан өртке шақыртудың жоғары дәрежесiмен жiберiлдi.

"Өртсөндipушiлер келгенде бip қабатты "Медина" спорт кешенiнің ангар типті спорт залы жанып жатқан. Өрттің жақын орналасқан әкiмшiлiк ғимаратқа таралу қаупi туындады. Тез арада өрт оқпандары жiберiлiп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды", — дейді ТЖМ ресми өкiлi Талғат Уәли.


Оқиға болған жерге Алматы қаласы ТЖ департаментiнiң басшылығы мен жеке құрамнан 70 тен астам адам, 19 техника және өзара әрекет ету қызметтерi жұмылды. Қазipгi уақытта өрттiң таралу қаупi жойылды.

1000 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 8.43-те оқшауланып, сағат 8.53-те толықтай сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар