Алматыда мүгедек немересін аяусыз соққыға жыққан ресейлік зейнеткер ұсталды
Алматыда туғаннан сал ауруымен ауыратын 6 жасар немересін аяусыз соққыға жыққан РФ азаматы ұсталды. Бұл туралы жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қалалық құқық қорғау орындарындағы ақпарат көзі хабарлады. |
Оның айтуынша, жуырда «жедел жәрдем» көлігі Саин көшесі бойындағы үйлердің бірінен «бас сүйегі мен миы зақымданып, көптеген дене жарақатын алған» 6 жасар қызды №1 балалар клиникалық ауруханасына жеткізген. ІІ топтағы мүгедек бүлдіршіннің балалар үйінің тәрбиеленушісі екені белгілі болды.
«Оқиға орнына келген полицейлер қыздың әжесін тұтқындады. 73 жастағы зейнеткер немересін балдақпен ұрғанын мойындады», - дейді ақпарат көзі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін