Алматыда мұнай-газ және тау-кен- металлургия саласының танымал қайраткерлеріне Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-нің профессоры атағы берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мұнай-газ және тау-кен- металлургия саласының  танымал  қайраткерлеріне Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-нің профессоры атағы берілді

Алматыда мұнай-газ және тау-кен- металлургия саласының танымал қайраткерлеріне Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-нің профессоры атағы берілді

Бүгін, 9-шілдеде Алматыда мұнай-газ және тау-кен- металлургия саласының танымал қайраткерлері болып табылатын Университет түлектеріне Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-нің профессоры атағын беруге арналған салтанат болып өтті,-деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Шiлде 2003
  • 738
Фото - Caravan.kz

Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-нің құрметті профессоры деген атаққа ҚР-ның бұрынғы үкімет басшысы, «Қазақойл» Ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Нұрлан Балғымбаев, «Қазақатомөнеркәсібі» ҰК-ның президенті Мұхтар Жәкішев, «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ-ның атқарушы директоры Берик Саяхов, «Ұңғыларды Геофизикалық зерттеу компаниясы» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вечеслав Попов, «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның президенті Мұрат Құрманбаев, «ТорғайПертолеум» ЖАҚ-ның бас директоры Алик Айдарбаев, «Массагет» АҚ-ның бас директоры Мейрам Тілеужанов, «Атыраугидрогеология» ААҚ директорлары кеңесінің төрағасы Едіге Сабыров, «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ-ның президенті Бағдат Шаяхметов, «Қазақмыс» корпорациясы мыс зауытының директоры Қайсар Тілешев, » «KAZGOR» жобалау академиясы» ЖАҚ-ның президенті Әбдісағит Тәтіғұлов, «Сайман» ЖАҚ-ның президенті Сағын Тәжікенов, «Атыраугидрогеология» ААҚ-ның атқарушы директоры Жексен Мелдебеков, «Акцепт» ЖАҚ директорлары кеңесінің төрағасы Марс Олжабаев, «Волковгеология» ААҚ-ның бас директоры Бақытжан Берікболовтар ие болды.

Соңғы жаңалықтар