Алматыда мыңдаған полицей мінсіз қызметі үшін марапатталды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда мыңдаған полицей мінсіз қызметі үшін марапатталды (ФОТО)

Алматыда мыңдаған полицей мінсіз қызметі үшін марапатталды (ФОТО)

Алматыда полиция күніне орай қалалық ІІД-інде салтанатты жиын өтті. Кәсіби мереке қарсаңында мыңдаған полицей ішкі органдардағы мінсіз қызметі үшін марапатталды.

  • 24 Маусым 2015
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде қаланың қауіпсіздігін 6 мыңға жуық қызметкер күзетіп жүр. Біз олардың ерен еңбегімен мақтанамыз. Мен қазір осы залда отырғандарды да, постыларда қызметін өтеп тұрған полицейлерді де құттықтағым келеді. Біздің департаменттің тарихы да тереңде жатыр. Алматы гарнизонының жеке бөлініп шыққанынан 55 жыл өтті, сол гарнизонның 20-дан аса қызметкері генерал шенін алды», — деді ІІД басшысы Серік Күдебаев.

Жарты ғасыр ішінде Алматы бөлімшесінен 3 ішкі істер министрі, 14 вице-министр, 17 облыстық және қалалық департамент басшылары шықты.


ІІД басшысы құқық қорғау өкілдерін құттықтай отырып, ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес мыңдаған полицейді марапаттады.

2
3
4
8
9
10
11