Жарияланды: 980

Алматыда Нарын-Сырдария бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде үш жақты талқылау өтуде (толықтырылған нұсқасы)

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Нарын-Сырдария бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану жөнінде үш жақты талқылау өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Алматыда Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның энергетика саласы мен ауылшаруашылығы министрліктерінің өкілдері жиналды. Тәжікстан өкілдері талқылауға келген жоқ. Алдағы уақытта талқылауға Түркікменстан да тартылады деп күтілуде. Қазіргі жағдаймен тараптар әлі де мәмілеге келген жоқ. ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғановтың айтуынша, Қазақстан өзіне қойылған шарттарды орындауға дайын. "Өзбек жағы, немесе қырғыз жағы кінәлі деп тап басып айту қиын. Бір айта кетерлігі, Қазақстан жағынан ешбір проблема жоқ. Біз барлық ұсыныстарды құптап отырмыз", - деді Д. Тұрганов. "Біз осыдан 10 жыл бұрын үкімет басшылары қол қойған келісімді қайта жаңғыртып, қол қоймақ ниеттеміз. 10 жылда көп нәрсе өзгерді. Сол себепті жаңа келісім қажет", - деді ол. "Қуаңшылыққа байланысты қазір Тоқтағұлда небәрі 9,5 млрд текше метр су қалды. Қыстан қысылмай өтімен бірге, егінге де су қалдыру қажет. Қазір осы мәселелер талқылануда. Тараптар қырғыз жағын мазутпен, көмірмен және газбен қамтамасыз ету жөнінде түрлі үлгілерді ұсынуда", -деді вице-министр. Кеңес жұмысында кешке дейін үзіліс жарияланды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін