Алматыда Наурызбай ауданында белгісіз ер адамның мүрдесі табылды
![]() |
Алматыда Наурызбай ауданында ер адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. |
Жергілікті тұрғындар қараусыз қалған ғимараттардың бірінен белгісіз ер адамның мүрдесін тауып, полицияға хабарласқан.
Құқық қорғау органдарының өкілдерінің айтуынша, қайтыс болған ер адамның денесінен зорлықпен өлтіру белгілері табылмады.
Сондай-ақ оның жеке басын растайтын құжаттары да жоқ болып шықты.
Қазір өлімнің неден болғанын анықтау үшін мүрде медициналық тексеруге жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін