Алматыда Наурызбай ауданының әкімі ауысты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Наурызбай ауданының әкімі ауысты

Алматыда Наурызбай ауданының әкімі ауысты

Наурызбай ауданының әкімі ауысты. Аталған лауазымға Сайран Сайфеденов тағайындалды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI кезектен тыс шақырылымында қала әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.

  • 27 Мамыр 2016
  • 592
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін Сайран Сайфеденов Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

«Наурызбай ауданы 2014 жылы құрылған. Мұнда 150 мың адам тұрып жатыр. Ресми тіркелгендердің саны 53 мың. Халықтың көпшілігі толық көлемде салық төлеп отырған жоқ. Жылжымайтын мүлік, автомобиль тіркелмеген. Табыстық база бойынша өте күрделі аудан. Тұрғын үй қорында проблема жетеді. Ортақ кешенді жоспар болу керек», — деді қала әкімі.

Б.Байбек аудандағы әкімшілік нысандардың құрылымына 6,4 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

Наурызбай ауданның бұрынғы әкімі Қуаныш Қашқымбаев мемлекеттік басқармаға жетекші болып тағайындалмақ.

С.Сайфеденовтың лауазымын комиссия мүшелері  бірден қолдады.


Ол 1974 жылы БҚО-да дүниеге келген.

2006 жылдан бастап Алмалы ауданындағы ұйымдастыру және кадрлық басқармасында бас маман болып жұмыс істеген.

2008 жылдың тамызынан Алматы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық басқармасында бас маман қызметін атқарған. 2009 жылдың маусымынан Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.