Алматыда несие әперем деп жұртты алдаған алаяқ келіншек ұсталды - ФОТО - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда несие әперем деп жұртты алдаған алаяқ келіншек ұсталды - ФОТО

Алматыда несие әперем деп жұртты алдаған алаяқ келіншек ұсталды - ФОТО

Алаяқ әйел өзінің құрбандарын банк бөлімшелерінің алдынан торуылдаған.

«Олардың іші-бауырына кіріп, төмендетілген пайыздық көрсеткішпен несие алып берем деп алдаған. Ол үшін қомақты ақы алып, кейіннен тайып тұрған

  • 18 Желтоқсан 2014
  • 801
Фото - Caravan.kz

«Олардың іші-бауырына кіріп, төмендетілген пайыздық көрсеткішпен несие алып берем деп алдаған. Ол үшін қомақты ақы алып, кейіннен тайып тұрған. Осындай бірнеше әрекеттен кейін адамдар полицияға арызданды», — деді қалалық ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ғазиз Нұрқаев. 

Оның айтуынша, қазір күдікті ұсталды. Алайда, өзіне тағылған айыпты мойындар емес. Тергеу кезінде бір әйелдің нұсқауымен әрекет еткенін айтып, ақталғысы келеді.

Әзірге, осы әйелдің арбауына түскен 4 адам полицияға шағымданды. Алайда, жапа шеккендердің қатары көбеп болуы мүмкін.

Қазір құзырлы органдар күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.


«Егер бұл келіншектің әрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 254-48-03, 254-48-02 телефондарына хабарласуын сұраймыз», — деді Ғ.Нұрқаев.

2 3