Жарияланды: 610

Алматыда өкпе қабынуының беймәлім түрімен күрес тақырыбына арналған семинар өтті

Бүгін, 16-маусымда ҚР тазалық-індет қызметі өкпе қабынуының беймәлім түрімен күрес шараларына арналған семинар өткізді. Онда АҚШ Мичиган штаты Университетінің профессоры Арнольд Монто қазақстандық әріптестеріне беймәлім індеттің алдын алу және оған диагноз қою саласындағы дүниежүзі ғалымдарының жетістіктерімен таныстырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

А.Монто отандық жұқпалы аурулармен күресуші дәрігерлерді SARS-тың шартты белгілері саласындағы соңғы зерттеу қорытындыларымен таныстырып, өкпе қабынуының белгісіз түрін жұқтыруға байланысты АҚШ-та орын алған соңғы оқиғалар туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ ол қазақстандық тазалық-індет саласы қызметкерлерінің беймәлім індетке қатысты сауалдарына жауап берді. А.Монто ортаға салған мәліметке жүгінсек, SARS вирусын жұқтырғандар саны арта түсуде. Дүниежүзінде бұл дерттен қазіргі жағдаймен 799 адам қайтыс болған. Соның ішінде Қытайда - 345 адам, Гонконте - 295, Тайваньда - 83, Канадада - 33, Сингапурда - 31, Вьетнамда - 5, Малайзияда - 2, Филиппинде - 2, в Таиландыда - 2 , Оңтүстік Африка Республикасында - 1 адам індеттен көз жұмды. SARS вирусын жұқтырғандар саны 8 мың 400 адамды құрайды. Соның ішінде Қытайда 5 мың 328 адам, Гонконгте 1 мың 755 адам, Тайваньда 699, Канадада 238, Сингапурда 206 адам тіркеліп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть