Оқу-әдістемелік орталықтың ақпараттарына сүйенсек, 21-қазанға дейін созылатын жарысқа Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласының жеңімпаздары — 7-8 сынып оқушылары қатысады. Финалда спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша бәйге, патриоттық жырлардың байқауы, «Ардагер», «Сөнбес жұлдыздар» және «Асыл мұра» бағыттарындағы «Атамекен» бағдарламасы аясындағы іздеу-өлкетану жұмыстарының қорытындысын шығару қарастырылған.
Оқу-әдістемелік орталықтың хабарлауынша, әскери патриоттық ойын мектеп оқушыларын отаншылдыққа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу, олардың азаматтардың отанын қорғаудағы конституциялық құқықтарын игеруі, сонымен қатар бастапқы әскери дайындық тәжірибелерін оқыту мақсатында жүргізілуде.
«Алау» әскери-спорттық ойынның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің қолдауымен Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті